Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!
1 мамыр – қоғамның бірлігін, этносаралық келісім мен еліміздің мәдени сан алуандылығына деген құрмет білдіруін бейнелейтін шуақты әрі маңызды күн.
Халықтың бірлігі тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының берік іргетасы, мемлекеттілікті нығайтудың және азаматтардың әл-ауқатын арттырудың маңызды факторы болып табылады.
Бүгінгі таңда тұрақтылықтың, қоғам бірлігінің және елдің одан әрі дамуының тірегі бола отырып, әділдік, заңның үстемдігі және азаматтардың құқықтарын қорғау қағидаттарын нығайтатын Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының ережелерін іске асыру ерекше мәнге ие.
Бүгінде Қазақстан – достық, өзара түсінушілік пен салт-дәстүрлеріне құрметпен қарау деген құндылықтар қадірлей білетін түрлі этностар өкілдерінің тату көршіліктің үлгісі.
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі игі істер жасауға шабыттандырады, жақсылыққа деген сенімді нығайтады, туған өлке мен ел игілігі үшін ортақ жауапкершіліктің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.
Құрметті отандастар!
Сіздерге зор денсаулық, құт-береке тілеймін! Әр шаңырақта бейбіт пен келісім орнасын! Ұзақ ғұмырларыңыз сенімге және игі істерге толы болсын!
Жітіқара
ауданының әкімі А. Жаныспаев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1213173?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау