Сәтбаев қаласында 4447 мүгедектігі бар адамдар тұрады, осы азаматтарға келесі көмек түрлері көрсетіледі:
- міндетті гигиеналық құралдармен – 753 адам;
- мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен – 408 адам;
- сурдо-тифло құралдармен – 93 адам;
- протезді-ортопедиялық құралдармен -145 адам;
- кресло-арбалармен 51 адам;
- жеке көмекші қызметімен- 103 адам;
- ымдау тілі маманымен – 19 адам қамтылды.
Мүгедектігі бар адамдардың жеке оңалту бағдарламасы шараларының 31.12.2025 жылдағы орындалуы 99,9% құрады.
Жүріп тұруы қиын кресло арбалармен жүретін 1 топтағы мүгедектігі бар азаматтарға тұрғылықты жерінен межелі пунктіне дейін және кері тасымалдау үшін инватакси қызметі жұмыс жасайды. Жыл басынан 74 адам инватакси қызметімен қамтылды.
2025 жылы бейімделуге жататын 13 нысан жоспарланып, бекітілді. Осы объектілерді бейімдеу үшін, мекеме басшыларына хат жолданды. Қазіргі таңда 10 объекті бейімделді. Олар «Айналайын» бөбекжайы, ЖШС «Ахметова», «Халық банк», «№27 жалпы білім беретін мектебі», «Б.Бұлқышев атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ ғимараты, «Балдаурен» бөбекжайы, «Нұрбөбек» бөбекжайы, «Ақбота» бөбекжайы, «Виола» дәріханасы, «Общество инвалидов Нұр Мақсат».
2026 жылы бейімделуге жататын 21 нысан жоспарланып, бекітілді.
2025 жылы атаулы әлеуметтік көмек 68 отбасыға (306 адам) тағайындалды.
2025 жылға бекітілген Ұлытау облысының аймақтық жұмыс орындарын құру картасына Тұжырымдамалар аясында Сәтбаев қаласы бойынша 19 жоба (105 жұмыс орны) енгізілген. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жобаларда барлығы 107 жұмыс орындары құрылған, орындалысы 102 % құрайды. Оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары 106 адамға аударылған.
2026 жылға жоспар 8 жобада 46 жұмыс орнын құрайды (кесте тіркелді).
«Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызмет аясында 2025 жылы еңбек иммигрантарынан 605 өтініш түсті. Жеке тұлғаларда үй шаруашылығында жұмыс атқару үшін 417 еңбек иммигрантына рұқсат берілді, 54 адамның рұқсаты ұзартылды.
«Сәтбаев қаласының
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі»
басшы Б.Апеков
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-tayiynsha-krasnaya-polyana/press/news/details/1213794?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау