Қазіргі таңда алаяқтар түрлі тәсілдерді қолданып, азаматтардың жеке деректері мен ақшасын иемденуге тырысады. Сол себепті әрбір адам сақ болып, қарапайым қауіпсіздік ережелерін білуі қажет.
Алаяқтықтың кең тараған түрлеріне әлеуметтік желілердегі жалған инвестициялық ұсыныстар, банк қызметкері болып қоңырау шалу, жалған жеткізу қызметтері, фейк сайттар және алдын ала төлем сұрау жатады. Мұндай жағдайларда алаяқтар көбіне тез шешім қабылдатуға тырысып, қысым көрсетеді немесе сенімге кіреді.
Есте сақтайтын ең маңызды қағида — ешқашан SMS-кодтарды, банк картасының деректерін және жеке құпия ақпаратты бөгде адамдарға бермеу. Егер күмәнді қоңырау немесе хабарлама келсе, әңгімені тоқтатып, ресми нөмірлер арқылы банкке немесе тиісті мекемеге хабарласқан дұрыс.
Сонымен қатар, интернет арқылы тауар сатып алғанда алдын ала төлем жасамауға кеңес беріледі. Тауарды қолмен тексеріп алғаннан кейін ғана төлем жасаған қауіпсіз. Белгісіз сілтемелерге кірмеу және тексерілмеген қосымшаларды жүктемеу де маңызды.
Қорытындылай келе, алаяқтықтан қорғанудың ең тиімді жолы — ақпаратты мұқият тексеру, асығыс шешім қабылдамау және жеке деректерді қорғау. Сақтық — қауіпсіздіктің кепілі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar-kumsai/press/news/details/1213838?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау