Семейде жүздеген жас спортшыны біріктірген жүгіру марафоны өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Семейде 300-ге жуық жас спортшы қатысқан жүгіру жарысы өтті.

     Семей қаласында жастар тәрбиесіне бағытталған ауқымды спорттық жүгіру жарысы ұйымдастырылып, оған 300-ден астам жас спортшы қатысты. Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, жас буынның бойында тәртіп, жауапкершілік және “Заң мен тәртіп” қағидаттарына адалдық сынды маңызды құндылықтарды қалыптастыруға бағытталды.

     Аталған жарыс тек спорттық дода ғана емес, жастар саясаты мен құқықтық тәрбиенің тиімді құралы ретінде де маңыздылығын көрсетті. Қатысушылар өзара бәсекеге түсіп қана қоймай, ерік-жігерін шыңдап, мақсатқа жетудегі табандылық пен өзін-өзі бақылау дағдыларын жетілдірді. Бұл қасиеттер болашақта заң талаптарын құрметтейтін, қоғамдық тәртіпті сақтайтын саналы азамат қалыптастырудың негізі болып табылады.

     Іс-шара барысында Абай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Жасұлан Байкенов жарыстың мән-маңызын атап өтті: 

– Бүгін біз спортты, рух күшін және жоғары адамгершілік құндылықтарды тоғыстырған маңызды әрі шабыт беретін шараға жиналып отырмыз. Спорт — бұл мінез-құлық, тәртіп және қоршаған ортаға құрмет қалыптастыратын өмір мектебі. Бұл жарыстың басты ерекшелігі — оның жастар тәрбиесіне бағытталуында. Тәрбие — қоғам болашағының негізі. Дәл осы кезеңде жауапкершілік, адалдық және заңға құрмет сияқты қасиеттер қалыптасады. Ал бұл үдерісте спорттың рөлі ерекше, – деді ол.

     Сондай-ақ полиция департаменті мұндай бастамалардың жастар арасында құқықтық сананы арттыруда, заң талаптарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыруда және қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Спорттық іс-шаралар жас ұрпақтың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, зиянды әдеттерден аулақ болуына және салауатты, белсенді өмір салтын ұстануына ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1213315?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version