Сенбілік

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қапал ауылдық округінде сенбілік өткізілуде

Қапал ауылдық округінде республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында округ аумағын абаттандыру және тазалығын сақтау мақсатында сенбілік жұмыстары жүргізілуде.

Іс-шара барысында округ тұрғындары, мекеме қызметкерлері және белсенді жастар көшелерді, қоғамдық орындарды, саябақтар мен аумақтарды тазалау жұмыстарына белсенді қатысуда. Мұндай бастамалар қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және туған жердің тазалығына әр азаматтың жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Тазалық – әр адамның өзінен басталады. Бірлескен күш-жігердің арқасында туған өлкемізді таза, көрікті әрі жайлы ете аламыз.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-qapal/press/news/details/1213471?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version