Шет ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Менің Конституциям» тақырыбында өткен эссе байқауы жас ұрпақтың ой тереңдігін, құқықтық сауаттылығын және елге деген құрметін тағы бір мәрте айқындады. Бұл тағылымды байқау аудан мектептеріндегі білімді де белсенді оқушылардың азаматтық ұстанымын танытқан маңызды алаңға айналды.
🏆 Байқау қорытындысы Ақсу-Аюлы ауылындағы Ы. Алтынсарин атындағы тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернатта салтанатты түрде өтіп, үздік оқушылар лайықты марапатқа ие болды.
🎁 Жеңімпаздарды аудан әкімінің орынбасары Д.Қ. Карсембаев құттықтап, аудан әкімінің атынан бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттарды табыстады. Сонымен қатар, білім бөлімінің басшысы Р.Б. Абенова 13 үздік оқушыға 10 000 теңге көлеміндегі сертификаттарды салтанатты түрде ұсынды.
🌟 Байқау барысында қатысушылар Конституцияның мәні мен маңызын терең түсініп, өз ойларын көркем тілмен жеткізе білді. Бұл – жас буынның құқықтық мәдениетін қалыптастырып, олардың ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын саналы азамат болып өсіп келе жатқанын көрсетеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1213320?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау