ШҚО орталығында 11 сынып түлектері 2,5 мыңға жуық көшет отырғызды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО орталығында 11 сынып түлектері 2,5 мыңға жуық көшет отырғызды

Өскеменде «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында ауқымды экологиялық акция өтті. Іс-шараға шамамен 2,4 мың мектеп түлегі қатысты. Олар Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановпен бірге «Өскемен» аллеясына екі жарым мыңға жуық көшет отырғызды.

Бұл іс-шара мектеп түлектері үшін ерекше оқиғаға айналды. Әр ағашты оқушылар өз қолдарымен екті. Енді әрқайсысының туған қаласында өз «жасыл белгісі» бар деуге болады. Өңір басшысының айтуынша, мұндай бастама облыс орталығын көркейтіп қана қоймай, жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілік сезімін қалыптастырады.                                                                            «Уақыт өте келе бұл аллея түлектер қайта оралып, өздері отырғызған ағаштардың қалай өсіп жатқанын көретін ерекше орынға айналады»,– деді Нұрымбет Сақтағанов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kurchum-kalgutty/press/news/details/1213632?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version