ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУШЫЛАР ТАИЛАНДТАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДАДА ТОП ЖАРДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 1-4 мамыр аралығында Таиландтың Бангкок қаласында мәнерлеп сырғанаудан «International Figure Skating Competition in Single Skating» халықаралық жарысы өтті. Әлемдік деңгейдегі бәсекеде Шығыс Қазақстан облысының қысқы спорт түрлері бойынша мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің спортшылары ел намысын абыроймен қорғады.

Жарыс қорытындысы бойынша жерлесіміз Мария Сосновская I спорттық разрядта өнер көрсетіп, 106.03 ұпай жинады. Ол 17 мықты қарсыластың арасынан суырылып шығып, алтын тұғырдан көрінді. Сондай-ақ, Джахонгир Абылкасымов спорт шеберіне үміткерлер (СШҮ) разрядында 11 қатысушының ішінен 4-орынға ие болып, үздік бестіктің қатарынан көрінді.

Спортшыларымыз бен жаттықтырушылар құрамын халықаралық аренадағы жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! Шығыс Қазақстанның мәнерлеп сырғанау мектебінің халықаралық деңгейдегі осындай жетістіктері жас буынға зор мотивация берері сөзсіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1213651?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version