Шымкент қаласында полицейлер болуы мүмкін қайғылы оқиғаның алдын алды. Кезекші бөлімге қала тұрғынынан автокөліктің ұрланғаны туралы хабарлама түскен.
Көлік құралын тоқтату мақсатында «Ұстау» арнайы жоспары енгізіліп, патрульдік экипаждар бағытталды. Іздестірілген көлік қала көшелерінің бірінде анықталып, тоқтатылды.
Көлік тізгінінде арызданушының туысы екені белгілі болды. Ол автокөлікті жүргізуші куәлігінсіз және жол қозғалысы ережелерін бұза отырып басқарған. Ер адамның әрекеттері қозғалыстың басқа қатысушыларына қауіп төндірген.
Сонымен қатар, құқық бұзушы полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған.
Жедел әрекеттің нәтижесінде қауіпті жүргізу дер кезінде тоқтатылып, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Аталған жайт бойынша көлік құралын заңсыз иелену дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.
Полиция кез келген құқыққа қайшы әрекеттер заң аясында қатаң түрде тоқтатылатынын ескертеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1213351?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау