Ұлытау облыстық мәслихатының 2026 жылғы 31 наурыздағы №310 шешімін орындау мақсатында аудандық мәслихат төрағасының өкіміне сәйкес, аудан аумағындағы балалар мен спорт алаңдарының жай-күйін бағамдау мәселесіне қатысты құрылған уақытша жұмыс тобының жетекшісі құзырымен Терісаққан және Шеңбер ауылдық округтеріне арнайы сапармен барды. Сапар барысында топ құрамында аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Серік Ташенов пен аудандық мәслихат аппаратының бөлім басшысы Шоқан Ершұманов болды.
Нысандарды аралау кезінде негізгі топ құрамына Терісаққан ауылында округ әкімі Жантөре Өскенбаев, №9 ЖББОМ директоры Ұлан Әбілғазин мен спорт нұсқаушысы Серік Ахметалин қосылса, Шеңберде (Қорғасын) округ әкімі Жаңбырбай Әділбеков бірге жүрді.
Бағамдау қорытындысына сәйкес, жалпы аудан бойынша әзірленген анықтама, тиісінше, одан әрі қарастыру үшін облыстық мәслихат аппаратына жолданатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-maslihat/press/news/details/1213737?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау