25 сәуір күні, «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды көшет отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараға қаланың құрметті азаматтары, ардагерлер, мәдениет және спорт саласының өкілдерімен қатар, белсенді жастар да атсалысты.
Ортақ іске жұмылған көпшілік қоршаған ортаны көркейтуге өз үлестерін қосып, қаланың жасыл желегін арттыруға бағытталған игі бастамаға белсенді түрде қатысты.
Шара барысында ондаған көшет отырғызылып, қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға нақты қадам жасалды. Бұл бастама – табиғатқа деген жанашырлықтың және келер ұрпаққа таза әрі жасыл орта қалдыруға деген жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Мұндай игі істер тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, қоғамдағы бірлік пен ортақ жауапкершілікті нығайта түседі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-politika/press/news/details/1213389?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау