Тараздағы “Достық үйінде” Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі» атты кең ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Салтанатты жиынға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков, сондай-ақ ардагерлер, зиялы қауым өкілдері мен түрлі этнос өкілдері қатысты.
Шара барысында қонақтар ең алдымен этномәдени бірлестіктердің «Достық шаңырағы астында» атты көрмесін аралап, әр ұлттың ұлттық тағамдарымен, қолөнер туындыларымен танысты. Сонымен қатар, әр этностың салт-дәстүрінен қойылған сахналық көріністер көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Сонымен қатар, аймақтағы этномәдени бірлестіктердің тарихы мен дәстүрлері туралы жасанды интеллект көмегімен дайындалған бейнеролик көпшілік назарына ұсынылып, заманауи технология мен ұлттық құндылықтардың үйлесімін көрсетті.
Іс-шара аясында Серік Жақсылықұлы қоғамдық келісімді нығайтуға және өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматқа арнайы марапаттарды табыстап, олардың еңбегіне жоғары баға берді.
Мерекелік жиын соңы әсерлі концерттік бағдарламамен түйінделді.
Әсем ән мен ұлттық өнер ұштасқан кеш бірлік пен татулықтың жарқын көрінісіне айналды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1213932?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау