«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ВОЛЕЙБОЛДАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП ҰЖЫМЫ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2 мамыр күні «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Өскеменде ауқымды сенбілік өтті. Аталған тазалық шарасына Шығыс Қазақстан облысының волейболдан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің (БЖОРСМ) ұжымы белсенді атсалысты.

Спорт мектебінің қызметкерлері Гастелло көшесіндегі бекітілген аумақты ретке келтіру жұмыстарын ұйымдасқан түрде жүргізді. Тазалық жұмыстары барысында жиналған қоқыстар шығарылып, жасыл аймақтар мен қоғамдық орындар санитарлық талаптарға сай тазартылды. Мұндай бастамалар қаланың көркін ашып қана қоймай, қоғамда экологиялық мәдениет пен туған өлкеге деген жанашырлық сезімін нығайта түседі. Волейбол мектебінің ұжымы татулық пен ауызбіршілік танытып, қала тазалығына өз үлестерін қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1213647?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version