ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТШІСІ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСТА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан облыстық соты мемлекеттік қызметкерлер арасында «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс аясындағы әкімшілік рәсімдерді жетік білуші» атты танымдық конкурс ұйымдастырды. Іс-шара Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің қабылданғанына 5 жыл толуына орай өткізілді.
Конкурстың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту және әкімшілік рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету.
Байқау үш кезеңнен тұрды. «Бәйге» кезеңінде қатысушылар Кодекс нормалары бойынша тест тапсырмаларын орындаса, «Дода» кезеңінде түрлі кейстік тапсырмаларды шешті. Ал «Шешендік өнер» кезеңінде олар әкімшілік іс жүргізу қағидаттарын тәжірибеде қолдану шеберлігін көрсетті.
Конкурс қорытындысы бойынша барлық кезеңде жоғары нәтиже көрсеткен Түркістан облысы әкімі аппараты Заң бөлімінің бас инспекторы Үрмия Құлымбет І орынды жеңіп алды. Жеңімпазды облыстық сот төрағасы Айдос Сұлтанов арнайы дипломмен марапаттады.
Аталған конкурс мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыруға және әкімшілік әділет саласындағы білімдерін жетілдіруге бағытталған маңызды алаң болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1213235?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version