ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ЖАЙДАРМАН ОЙЫНЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазығұрт аудандық прокуратурасының, аудандық білім бөлімінің және жастар ресурстық орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында «Жастар – әлемді өзгертетін күш» атты жайдарман ойыны жоғары деңгейде өтті.
Аталған шараның мақсаты – жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың бойындағы тапқырлық пен сахналық мәдениетті қалыптастыру, өзара достық қарым-қатынасты нығайту және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру. Сонымен қатар жастарды құқықтық мәдениетке баулу, қоғамдағы белсенділігін арттыру да басты назарда болды.
Көңілді әрі тартысты өткен сайысқа ауданның білім беру ұйымдарынан құралған 9 команда қатысып, өзара бақ сынады. Қатысушылар «Сәлемдесу», «Сұрақ-жауап» және «Бес жаңалық» кезеңдері бойынша өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әр команда өздерінің әзілдерімен, сахналық қойылымдарымен ерекшеленіп, тапқырлық пен креативтіліктің үлгісін көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша І орынды «Дарын жастары» командасы (Дарын мектеп-интернаты) жеңіп алды. ІІ орын «Bulaq boys» командасына (Ащыбұлақ ЖББМ) бұйырса, ал ІІІ орынды «Алғыр жетілік» командасы (Т.Рысқұлов ЖББМ) қанағат тұтты.
Сондай-ақ арнайы номинациялар бойынша «Үздік ойыншы» аталымын Бақтияр Нұрасыл («Шаңырақ» командасы, Қ.Сәтпаев мектеп-лицейі) иеленді. «Үздік әзіл» номинациясы №11 санаториялық мектеп-интернатына табысталып, 100 000 теңге сертификат табысталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен және кубоктармен марапатталды.
Айта кетейік, мұндай мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жастардың жан-жақты дамуына, олардың қоғамдағы белсенді азамат ретінде қалыптасуына оң ықпал етеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1213977?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version