Жетісу облысында жастар бастамаларын дамыту және өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Осы бағыттағы кезекті қадам ретінде Талдықорған қаласындағы «ЖАС Сақшы» кадет сыныптарының 104 оқушысына Жетісу облысы полиция департаментінің «ARLAN» спорт клубының мүшелік билеттері табысталды.
Жаңа клуб билеттері кадеттерге тұрақты жаттығуларға, тәжірибелік сабақтарға қатысуға және клуб базасында өткізілетін спорттық жарыстарға қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бастама жасөспірімдердің физикалық дамуын ғана емес, сондай-ақ тәртіптілік, төзімділік және командалық рух секілді болашақ қызметтің негізін құрайтын қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.
Жетісу облысы полиция департаментінің Кәсіби даярлық басқармасы қызметкерлерінің атап өтуінше, бұл жұмыс ұзақ мерзімді сипатқа ие:
«Біз бұл бастаманы мықты әрі жауапты ұрпақты қалыптастыруға қосылған маңызды үлес деп бағалаймыз. Спорт арқылы мінез қалыптасып, рух нығаяды, заң мен тәртіпке құрмет тәрбиеленеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1213395?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау