Заң және тәртіп нарративі аясында колледж студенттерімен кездесу жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ ұйымдастыруымен, «Заң және тәртіп» нарративі аясында, Ақмола облысы полиция департаменті қызметкерлерінің қатысуымен, Көкшетау қаласының Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттерімен кездесу өткізілді.

    Айта кету керек,  аталмыш тақырып шеңберінде кездесулер қаламыздың әр ЖОО мен ТжКБ студенттері арасында жиі өткізіліп отырады.

«Заң және тәртіп» нарративінің мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін нығайту, мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыру, құқықтық теңдікті қамтамасыз ету және заң талаптарын сақтау норма болып табылатын тұрақты қоғам үшін жағдай жасау болып табылады.

Іс-шараға, аталған оқу орын студенттері мен ұстаздары, ұйымдастырушылар, Ақмола облысы ПД, есірткіге қарсы басқармасының жедел аға уәкілі, полиция подполковнигі – Разия Курсанова, Көкшетау қаласы полиция басқармасы, криминалдық полиция уәкілі, полиция аға лейтенанты – Сағындық Курмантаев, Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеп тексеру департаменті, жедел аға уәкілі, майор – Омар Калиллулин, Көкшетау қаласы ПБ ҚҚБ ювеналды полиция басқармасының учаскелік инспекторы, полиция аға лейтенанты – Ақылбек Лукбанов және Ақмола облысы ПД КҚО кезекшісінің көмекшісі полиция старшинасы – Андей Пугачев қатысты.

Шара барысында жастар арасындағы құқық бұзушылық пен заңға қайшы келетін әрекеттер жайлы тақырыптар қозғалып, тарқатылды. Әр спикер өз бағыттары бойынша баяндамасын жасап, жастардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында кинолог мамандар «Атос» атты итімен студенттерге арнап шағын көрсетілім жасады.

«Құмар ойындарға деген құштарлық сөзсіз қаржылық шығындар мен қарызға тәуелділікке әкеледі, бұл қақтығыстар мен әлеуметтік оқшаулануды тудырады.

 Нәтижесінде отбасылық қатынастар бұзылады, стресс пен депрессиядан туындаған психикалық денсаулық нашарлайды.

 Түрлі бағалаулар бойынша лудоманиямен ауыратын қазақстандықтардың саны 36 мыңнан 350 мың адамға дейін.

 Мұндай қатерлерді жою үшін қаржы мониторингі агенттігі заңсыз ойын бизнесімен күресу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

 Тек биылдың өзінде аталған қылмыс бойынша 56 тергеу басталып, оның 2-і ҰҚТ қатынастарында. 11 жасырын казино мен букмекерлік кеңсесі, 15 ойын залының қызметі тоқтатылып, 26 онлайн-құмар ойын алаңдары жауапқа тартылды.

 Құрметті кездесуге қатысушылар, сіздерді, қылмыстық әркетке қарсы тұруға шақырамын. Жеңіл ақша жоқ. Мен сізге оның салдары мен болашағы туралы ойлануға кеңес беремін», – деп, аға жедел уәкіл, полиция майоры Омар Калиллулин атып өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-uvp/press/news/details/1213665?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version