Жамбыл ауданында «Тіл – достықтың дәнекері» тіл фестивалі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен Жамбыл ауданында «Тіл – достықтың дәнекері» атты Тіл фестивалі өтті.

Фестивальдің негізгі мақсаты – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін арттыру, оның қоғамдағы қолданыс аясын кеңейту және тілдік бірлікті нығайту.

Фестивальдің ашылу салтанатында 100 баланың қатысуымен «Қара жорға» биі орындалып, «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбындағы видеороликте өңірде тіл саясатын насихаттау бағытында атқарылған жұмыстар (тілдік кемсітушілікке жол бермей, көрнекі ақпараттар мен жарнамаларды тіл заңнамасының сақталуы, ономастикалық ахуал т.с.с.) көрсетілді. Тіл фестиваліне Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай арнайы келіп қатысып, құттықтау сөзін сөйледі.

Сонымен қатар, тақырыптық көрме ұйымдастырылып, Ахмет Байтұрсыновқа арналған сахналық қойылым ұсынылды.

Іс-шара барысында тіл саясатын жүзеге асыруға үлес қосқан бірқатар тіл жанашырлары марапатталды. Фестиваль концерттік бағдарламамен жалғасып, көрермендерге ерекше рухани әсер қалдырды.

Аталған жоба алдағы уақытта облыстың барлық аудандарында көшпелі форматта ұйымдастырылып, жалпы бұқаралық сипат алуы үшін жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-cultura-arhiv/press/news/details/1213506?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version