Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ҰСТАЗ БАРЫСЫ – 2026» ЖАРЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Түркістан облысының ұстаздары арасында ұйымдастырылған дәстүрлі қазақ күресінен «Ұстаз Барысы – 2026» облыстық турнирі өтті. Аталған іс-шара Түркістан облыстық Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен Ордабасы ауданында жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сайыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Азат Оралбаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа қатысушылар 7 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады. Жалпыкомандалық есепте І орынды төлебилік ұстаздар иеленді. Жарыстың бас жүлдесі – «Түйе балуан» атағы Мақтаарал ауданындағы С.Айни атындағы №55 жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Заир Заировға бұйырды. Аталған жарыс педагогтардың тек білім беру саласында ғана емес, ұлттық спорт түрлерінде де жоғары деңгейде өнер көрсете алатынын айқындады. Сонымен қатар, мұндай іс-шаралар ұстаздар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға оң ықпал етеді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1213362?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version