«Жасыл желек» атты сенбілік

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Шет ауданы Ақжал кентінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Жасыл желек» атты ауқымды сенбілік өтті. Туған өлкеміздің тазалығы мен гүлденуіне үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға кент тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен ерікті жастар бір кісідей атсалысып, ерекше белсенділік танытты. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара жұмыс істеген қауым ауыл айналасын қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты.
​Бұл бастама — біздің туған жерге деген сүйіспеншілігіміз бен қоршаған ортаға деген ортақ жауапкершілігіміздің жарқын көрінісі. Тазалықты әдетке, ал ұйымшылдықты дәстүрге айналдырған әрбір қатысушыға алғыс білдіреміз. Бірлескен еңбектің арқасында кентіміз бұрынғыдан да ажарлана түсті. Тазалық табалдырықтан басталады, ендеше туған жеріміздің көркін бірге сақтайық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akzhal/press/news/details/1213540?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version