Павлодар облысында заңсыз көші-қонның жасырын арнасы жойылды. Криминалдық полиция қызметкерлері арнайы операция барысында мемлекеттік шекара арқылы заңсыз транзит ұйымдастыру әрекетінің жолын кесті.
Жедел іс-шаралар нәтижесінде Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды. Ол өз отандастарын Ресей Федерациясы арқылы Қазақстанға заңсыз тасымалдау схемасын ұйымдастырған.
Қылмыстық жоспарды жүзеге асыру үшін ер адам MAN маркалы жүк көлігін пайдаланған.
Көлікті тексеру кезінде жедел қызметкерлер адамдарды жасырын тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған құпия орын тапты.
Көлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды. Ұйымдастырушыға қатысты тергеу жүргізілуде.
— Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша, көлік құралын ұсыну және байланысты қызметтер көрсету арқылы қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға және күдіктінің басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығын тексеруге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, — деді Павлодар облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Жаслан Танжанов.
Полиция заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастыруға қатысы бар барлық тұлғаларды анықтау жұмыстарын жалғастыруда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1213758?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау