Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Жанат Оспанова «24KZ» телеарнасындағы «Сұхбат» бағдарламасына қатысты.
Эфир барысында ол 2025 жылғы сот жүйесіндегі кадр саясатының негізгі нәтижелерін таныстырды.
Жанат Оспанованың айтуынша, кадрлық жағдай тұрақтанып, бос лауазымдарды жүйелі түрде қысқарту кезеңіне өту қамтамасыз етілді. Соңғы бес жыл ішінде жүйеде шамамен 350 бос орын сақталып, бұл судьяларға түсетін жүктемені арттырған.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 151 жаңа судья тағайындалды. Бұл жаңадан тағайындалған судьялар санының өкілеттігін тоқтатқан судьялар санынан асып түсуін қамтамасыз етті. 2026 жылдың басынан бері тағы 128 судья тағайындалып, бос орындар деңгейін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді.
Конкурстық рәсімдер оңтайландырылды: оларды өткізу мерзімі 6 айдан 1,5 айға дейін қысқартылды. 2025 жылы 6 конкурс өткізілді (бұған дейін жылына 2-ден аспайтын).
Біліктілік комиссиясының құрамы 40%-ға жаңартылып, отырыстар жиілігі айына 1 реттен 4 ретке дейін арттырылды. Бұл ретте кандидаттарға қойылатын талаптар төмендетілген жоқ, керісінше күшейтілді: 2025 жылы үміткерлердің тек 24,5%-ы ғана біліктілік емтиханынан сәтті өтті.
Кадр саясаты жаңа кандидаттарды, оның ішінде Сот төрелігі академиясының түлектерін тартуға бағытталған.
Спикер сондай-ақ кәсіби, тәуелсіз және жоғары адамгершілік қағидаттарына сай судьялар корпусын қалыптастыру қоғамның сот жүйесіне деген сенімін нығайтудың негізгі шарты екенін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1213222?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау