🔰 ҚАЗЫҒҰРТ: ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Үстіміздегі жылдың 5 мамыр күні өңірде әлеуметтік жауапкершілікті арттыру және еңбек қатынастарын жетілдіру бағытында маңызды кездесу өтті.
 
Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен Департаментпен бірлескен кездесуде Түркістан облысы аумағында зейнетақы жарналары аударылмаған, жазатайым оқиғадан сақтандыру шартын жасамаған және еңбек шарттарын тіркемеген мекемелер бойынша және «D», «Е» санатындағы отбасыларды «С» деңгейіне көтеру бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.
 
Кездесуге Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Беркінбай Мақсат Маратұлы, Қазығұрт ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кулимов Дархан Нұрланұлы, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуәліұлы, ауданға қарасты ауылдық окруктерінің әкімдері, мансап орталықтарының басшылары, тиісті мекеме басшылары мен өңірдегі кәсіпорын иелері және жұмыс берушілері қатысты.
 
Кездесу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Ғалымжан Сейдуәліұлы жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарын рәсімдеу, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды түрде рәсімдеу тәртібі, міндетті төлемдерді уақытылы аудару, оның ішінде зейнетақы жарналарын аудару қажеттігі туралы түсіндірме беріп өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1214583?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version