🔰 ШАРДАРА: ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН ЗАҢДАСТЫРУ БОЙЫНША ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Шардара ауданында Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен Департаментпен бірлескен Түркістан облысы аумағында зейнетақы жарналары аударылмаған, жазатайым оқиғадан сақтандыру шартын жасамаған, еңбек шарттарын тіркемеген мекемелер бойынша және «D», «Е» санатындағы отбасыларды «С» деңгейіне көтеру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
 
Жиынға Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бердешов Жұмасұлтан Оразбекұлы, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қозыханұлы Мекенхан, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Рауан Жұмадуллаұлы, ауданға қарасты ауылдық окруктерінің әкімдері, мансап орталықтарының басшылары, тиісті мекеме басшылары мен өңірдегі кәсіпорын иелері және жұмыс берушілері қатысты.
 
Кездесу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Рауан Жұмадуллаұлы жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарын рәсімдеу, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды түрде рәсімдеу тәртібі, міндетті төлемдерді уақытылы аудару, оның ішінде зейнетақы жарналарын аудару қажеттілігі туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.
 
Сонымен қатар, қатысушыларға халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту аясында «D» және «Е» санатындағы отбасыларды «С» деңгейіне көтеру мақсатында әлеуметтік қолдау шаралары, жұмыспен қамту тетіктері және мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
 
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында нақты ұсыныстар мен түсіндірмелер берілді. Сондай-ақ анықталған заңбұзушылықтарды жою мәселелері кеңінен талқыланды.
 
Кездасу қорытындысы бойынша тиісті жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріліп, алдағы уақытта түсіндіру жұмыстарын күшейту және анықталған кемшіліктерді жою бойынша жүйелі шаралар қабылдау қажеттігі белгіленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1214379?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version