🔻 ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНДА 13 ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 1 мамыры – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Ескелді ауданында ерекше қуанышты оқиға өтті. Әлеуметтік осал топтар санатындағы 13 тұрғынға жаңа баспананың кілттері салтанатты түрде табысталды. Көптен күткен қуанышқа кенелген отбасылар қоныс тойларын атап өтті. Салтанатты рәсімде аудан әкімі Елдос Ахметов тұрғындарға баспана кілттерін ресми түрде табыстап, қуаныш иелерін шын жүректен құттықтады. Аудан әкімі өз сөзінде: – Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың арқасында ауданымызда тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бүгін 13 отбасының жаңа үйге ие болуы – соның айқын дәлелі. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, тұрғындарды жайлы әрі қауіпсіз баспанамен қамтамасыз ету басты міндетіміз, – деді. Сондай-ақ, аудан басшысы жаңа қоныс иелеріне ақжарма тілегін білдіріп, әр шаңыраққа бақ-береке мен амандық тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy/press/news/details/1214563?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version