1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні кентте кең көлемде аталып өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай кенттегі Теміржолшылар саябағында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекеге кент тұрғындары мен түрлі мекеме қызметкерлері қатысты.

Кент әкімі М. Қойшыбаев жиналған қауымды мерекемен құттықтап, бірқатар қызметкерлерге Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар кенттің белсенді тұрғындары мен мекеме өкілдері өз тілдерінде ізгі тілектерін білдірді.

Шара аясында кенттегі ұйымдар әр ұлттың мәдениетін таныстырып, ұлттық тағамдар көрмесін ұйымдастырды. Қатысушылар түрлі халықтардың биін билеп, өнерлерін ортаға салды.

Іс-шараға қатысқан мекемелер келесі ұлттардың мәдениетін ұсынды:
– А. Ермеков атындағы тірек мектеп ресурстық орталығы жанындағы интернат – қазақ ұлты;
– Кент әкімдігі – грузин ұлты;
– «Балбөбек» бөбекжайы – өзбек ұлты;
– «Нұршуақ» бөбекжайы – кәріс ұлты;
– «Муслима» балабақшасы – орыс ұлты;
– Ю. А. Гагарин атындағы мектеп-лицейі – қытай ұлты;
– М. Маметова атындағы ЖББ мектебі – украин ұлты;
– Қосымша білім беру орталығы – беларусь ұлты;
– Көпшілік кітапхана мен С. Мұхамеджанов атындағы өнер мектебі – татар ұлты.

Мереке барысында «Замандастар» және «Бақыт мекені» ансамбльдері ән шырқап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, көршілес елді мекендерден келген өнерпаздар да өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-agadir/press/news/details/1214620?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version