2026 жылдың 1 сәуірі күні сағат 15.00 – де Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, №3Б «Достық үйі» ғимаратында Қызылорда облысының Қоғамдық кеңесінің салааралық «Құқықтық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі» комиссия төрағасы Нәлібаев Мақсұт Ыбрайханұлы – Қызылорда облысы және қала тұрғындарына «Қоғамдық қабылдау» өткізді. Қабылдау барысында М.Нәлібаев облыс және қала тұрғындарының жеке және қоғамдық мәселелері тыңдалды және жауаптар мен кеңестер берілді. Тұрғындардың жеке және қоғамдық мәселелері бойынша туындаған өтініш, ұсыныстары қабылданды. «Қоғамдық қабылдау» барысындағы келіп түскен өтініштер мен ұсыныстар бойынша тиісті жұмыстар атқарылады, тұрғындарға жауаптар беріледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kzo/press/news/details/1214050?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау