2026 жылғы 4 мамырда ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі А.М. Нугманов мамыр айындағы мерекелер – Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушы күні және Жеңіс күні қарсаңында мемлекеттік қызметшілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында ол қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қатаң ұстану, сондай-ақ жалпы қабылданған моральдық-этикалық қағидаларды бұзбау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар мереке күндері қызметтік тәртіпті сақтап, әдеп нормаларын бұзуға жол бермеуге шақырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-almaty-oblast/press/news/details/1214481?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау