9–11 сынып оқушылары үшін «Хулиганка» және «Не книжные закладки» әлеуметтік фильмдерінің көрсетілімі ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 6–30 сәуірі аралығында барлық мектептерде 9–11 сынып оқушылары үшін «Хулиганка» және «Не книжные закладки» әлеуметтік фильмдерінің көрсетілімі ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға және олардың жауапкершілігін арттыруға бағытталды.

Фильмдерді көргеннен кейін «Хулиганка» және «Не книжные закладки» картиналары бойынша талқылау өтті. Талқылауға Шахтинск қаласының ювеналдық полиция қызметкерлері қатысып, фильмдердегі негізгі мәселелерді түсіндірді және жасөспірімдер арасында өзекті мәселелер бойынша профилактикалық әңгіме жүргізді.

Оқушылар талқылауға белсене қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді. Іс-шаралардың жалпы қамтылуы 1409 оқушыны құрады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/1214444?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version