Абай облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында кешенді профилактикалық іс-шаралар жүйелі түрде жалғасуда. Осы ретте Абай облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері бірлесіп, Семей қаласы мен Жанасемей ауданы аумағында есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында бір күнде барлығы 152 есептегі азамат қамтылып, олардың тұрғылықты жерінде болуы, белгіленген талаптарды сақтау деңгейі мұқият зерделенді. Әрбір тұлғамен жеке профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, құқық бұзушылықтарға жол бермеу, қоғамдық тәртіпті сақтау және қолданыстағы заңнама талаптарын мүлтіксіз орындау қажеттілігі түсіндірілді. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған нақты ұсынымдар беріліп, жауапкершілік деңгейін күшейтуге басымдық жасалды.
«Біздің басты мақсатымыз – тек бақылау жүргізу емес, ең алдымен азаматтарға дұрыс бағыт-бағдар беру. Әрбір тұрғын заң талаптарын сақтаудың маңызын түсініп, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі тиіс. Профилактика – құқық бұзушылықтың алдын алудың ең тиімді жолы. Сондықтан біз әрбір азаматпен жеке жұмыс жүргізуге баса мән береміз», – деді Ержан Ақбаев.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1214015?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау