Алдағы жылу беру маусымына дайындық барысы талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен Үкімет отырысынан кейін мәжіліс өткізді. Жиында өткен жылыту маусымының қорытындылары мен алдағы 2026–2027 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы қаралды. Аудан бойынша барлық әлеуметтік нысандардың жылу жүйелерінің жай-күйі, отын қорының жеткіліктілігі, сондай-ақ коммуналдық қызметтердің қысқы кезеңге дайындығы жан-жақты талқыланды. Алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары қазірден бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Әрбір елді мекен мен әлеуметтік нысан толық бақылауға алынып, жылу жүйелерінің дайындығы уақытылы қамтамасыз етілуі қажет. Жауапты мекемелер нақты жоспармен жұмыс жасап, белгіленген мерзімдерді қатаң сақтауы керек,– деді Берік Әбдіғаппарұлы. Жиын қорытындысы бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауға алынатыны атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1214890?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version