3 мамыр сағат 19:00-де Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет кешенінде 2025–2026 маусымындағы Алматы студенттік лигасының (АСЛ) финалы және жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.
Алматы студенттік лигасы — 2025 жылы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен іске қосылған ауқымды спорт жобасы. Қысқа уақыт ішінде лига қаланың студенттік спортындағы маңызды оқиғалардың біріне айналып, 36 жоғары оқу орнынан 1300-ден астам қатысушыны және 108 команданы біріктірді.
Жарыс оқу жылы бойы толыққанды чемпионат форматында футбол, волейбол және баскетбол бойынша өтеді. 2025–2026 маусымы қыркүйек айында басталып, күзгі және көктемгі кезеңдерді қамти отырып, мамыр айында қорытындыланады.
Финал жарқын спорттық-ойын-сауық іс-шарасы болмақ. Бағдарламада жеңімпаз командаларды марапаттау, жекелей номинациялар бойынша үздік ойыншыларды құрметтеу, сондай-ақ танымал жас орындаушылардың өнер көрсетуі қарастырылған.
Кештің жүргізушілері — стендап-комик Аңсаған Садырғанов пен инфлюенсер Айдана Кентаева. Қонақтарды танымал артистердің қатысуымен мазмұнды концерттік бағдарлама күтеді.
АСЛ — тек жарыс алаңы ғана емес, студенттік спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және жоғары оқу орындары арасындағы достық байланысты нығайтуға бағытталған заманауи платформа. Лиганың бірегей форматы, тегін қатысу мүмкіндігі және ойындардың онлайн көрсетілімі жобаны жастар үшін қолжетімді әрі тартымды етеді.
Баршаңызды командаларды қолдауға және Алматыдағы ең жарқын жастар спорт оқиғаларының бірінің куәсі болуға шақырамыз.
Аккредитация үшін байланыс: 87771153355, Әсел.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1214782?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау