Алматыда тағы бір заңсыз құрылыс нысаны сүрілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматының Алғабас шағынауданында Бесінші белес көшесінде орналасқан автосервис нысаны сүрілді. Бұл туралы қалалық қала құрылысы бақылау басқармасының өкілдері хабарлады.

Жоспардан тыс жүргізілген тексеріс барысында құрылыстың рұқсатсыз салынғаны анықталды. Нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.

Алайда нұсқама талаптары орындалмағандықтан, басқарма Алматының Алатау аудандық сотына талап-арыз түсірген. 2025 жылғы 29 мамырда аудандық сот талап-арызды қанағаттандырды, ал Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Сот шешімін орындау мақсатында меншік иесі нысанды бірер күн бұрын бұзды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1214844?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version