Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін республикалық «Таза Қазақстан» акциясы және «Мөлдір бұлақ» экологиялық бастамасы аясында қаланың 8 ауданындағы 10 нысанда жергілікті сенбілік өткізілді. Бұл туралы Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының өкілдері айтты.

Іс-шараларға 5 520 адам қатысып, 192 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Жұмыс барысында 588 м³ қоқыс пен қалдық шығарылып, 210 ағаш егілді, оның ішінде 110-ы — шаған, 100-і — қарағаш.

Сенбіліктер қалалық инфрақұрылымның маңызды аумақтарын қамтыды. Атап айтқанда, қоғамдық кеңістіктер, аула аумақтары мен су жағалаулары тазартылды.

Тазалау және көріктендіру жұмыстары Ақбұлақ шағынауданындағы Аханов көшесінің бойында, Төле би – Абылай хан – Бөгенбай батыр – Панфилов көшелері аралығында, Сайран шағынауданында, Қырмызы көшесінде, «Гүлдер» саябағында және Айнабұлақ шағынауданында, Үлкен Алматы каналы бойында және Халлиулин көшесінде, Таутаған көшесі учаскесінде, сондай-ақ «Желтоқсан» саябағында жүргізілді.

Іс-шаралардың негізгі мақсаты — экологиялық жағдайды жақсарту, тұрғындардың санитарлық мәдениетін арттыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдысын қалыптастыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1214787?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version