АҚСУ-АЮЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМДІГІНДЕ 1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ!
✅Іс-шараға өзге ұлт өкілдері қатысып, бірлік пен татулықты нығайтуға бағытталған мазмұнды бағдарлама ұсынылды. Қонақтар қазақ халқының дәстүріне сай шашу шашылып, әсем әнмен қарсы алынды. Сонымен қатар ұлттық тағамдар ұсынылып, салт-дәстүрлеріміз кеңінен таныстырылды. Құрмет көрсету мақсатында қонақтарға шапан жабылып, ақ жаулық пен желетке кигізілді.
Мерекелік шара барысында дәстүрлі әндер шырқалып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Аталған іс-шара бірлік пен ынтымақтың, достық пен өзара сыйластықтың айқын көрінісі болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-aksu-ayuly/press/news/details/1214732?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау