Ақтау қаласында 7–9 мамыр күндері мерекелік іс-шаралар өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында Ақтау қаласында 7–9 мамыр күндері бірқатар мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай дәстүрлі қалалық «Сарбаздар ән салғанда» атты сапта жүріп ән айту байқауы өтеді.
Басталу уақыты: 17:00.
Өтетін орны: «Амфитеатр» алаңы.

Сол күні Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылады.
Басталу уақыты: 19:00.
Өтетін орны: «Амфитеатр» алаңы.

9 мамыр күні сағат 10:00-де «Мәңгілік алау» монументіне гүл шоқтарын қою және тағзым ету рәсімі өтеді.
Өтетін орны: 7-шағын аудан, «Мәңгілік алау» монументі.

Сол күні сағат 11:00-де Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған «Ұлы жеңіс – ұраным!» атты театрландырылған қойылым-концерт ұсынылады.
Өтетін орны: «Амфитеатр» алаңы.

Баршаңызды мерекелік іс-шараларға қатысуға шақырамыз!

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1214874?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version