Ақтау қаласында жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары қарқын алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Биыл қала аумағында жалпы көлемі 46 мың шаршы метрді құрайтын жол таңбаларын жаңарту жоспарланған. Жыл басынан бері оның 7 мың шаршы метрінде жол таңбалары жаңартылды.

Сонымен қатар, қалада 500-ге жуық жол белгісін жаңарту және қосымша 250 жаңа жол белгісін орнату көзделіп отыр. Сондай-ақ, ағымдағы жылы қала аумағында жалпы көлемі 15 мың шаршы метрді құрайтын шұңқырлы жолға асфальт жабынын төсеу жұмыстары жалғасуда.

– Аталған бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүйелі түрде жүзеге асырылады, – деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Исматулла Адай.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1214872?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version