Skip to content

Орысша оқу

ЖАЗЫЛУ
КІРУ
Мамыр 5, 2026
200News

ҚАЗАҚСТАН

ӨКҚ

ШЫМКЕНТ



Ақтөбе облысында жаңа жылыту маусымына дайындық басталды

Жарияланды:

05/05/2026 17:03

—

Автор:

Алатау Ахмет-Султан
категорияда Жаңалықтар

 

Ақтөбе облысында өткен жылыту маусымы штаттық режимде аяқталды. Жылу белгіленген мерзімде беріліп, барлық тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар орталықтандырылған жылумен толық қамтылды.

Бұл туралы облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен жылумен тұрақты қамтамасыз ету және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері қаралған аппарат мәжілісінде қаралды.

«Жаңа жылыту маусымына дайындық қазірдің өзінде басталды. Сала кәсіпорындарымен бірлесіп, жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізу, жабдықтарды жөндеу және жаңғырту, сондай-ақ мектептер, балабақшалар мен медициналық мекемелердің дайындығын тексеру жоспарлануда», – деді Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Серік Даулетов.

Ағымдағы жылдың 18–22 мамыры аралығында жылу желілеріне жыл сайынғы көктемгі гидравликалық сынақтар өткізу жоспарланған. Мұндай шаралар желілердегі ықтимал ақаулар мен әлсіз тұстарды дер кезінде анықтап, жоюға мүмкіндік береді.

2026 жылға арналған ұзақмерзімді бағдарлама аясында ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру көзделген. Атап айтқанда, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-да үш жоба, «Aqtobe su-energy group» АҚ-да жылу желілерін жаңғыртуға бағытталған инвестициялық бағдарлама және 13 жобаны қамтитын жөндеу жұмыстары жоспарланған. «Энергосистема» ЖШС-де ұзындығы 590 шақырымнан асатын желілерді қайта жаңғырту және жабдықтарды жаңарту қарастырылған.

Сонымен қатар, өңірде энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында да жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылға жылумен жабдықтау, сумен қамту, су бұру және электрмен жабдықтау салаларында кешенді шаралар жоспарланған.

Қазіргі таңда жобалардың бір бөлігі іске асырылу кезеңінде болса, енді бірқатары сараптама мен келісу сатысынан өтуде.

Өңір басшысы алдағы кезеңдегі негізгі міндет инженерлік желілердің сенімділігін арттыру және қыс мезгілінде халықты тұрақты жылумен қамтамасыз ету екенін алға тартты.

«Өткен жылыту кезеңі жалпы алғанда тұрақты өтті. Дегенмен, бірқатар ауданда жылу желілерінің тозуы мен жылу сапасына қатысты мәселелер бар. Бұл сұрақтар жүйелі тәсілді және уақытылы шешім қабылдауды талап етеді. Жаңа жылыту маусымына дайындық белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс. Барлық жөндеу жұмыстары, гидравликалық сынақтар мен нысандарды жаңғырту сапалы әрі қатаң бақылаумен жүргізілуі қажет. Қала және аудан әкімдері жылумен жабдықтау жүйелерінің дайындығы үшін жеке жауапкершілікті қамтамасыз етіп, төтенше жағдайларға жол бермеуі тиіс. Негізгі міндет – халық үшін жылыту маусымының тұрақты әрі қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету», – деп атап өтті өңір басшысы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-ekonomika/press/news/details/1214687?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

←Previous: ҚАЛА ӘКІМІ ЖОЛ МӘСЕЛЕСІН ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ
Next: Семинар-кеңес өткізілді→


ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН

ШЫМКЕНТ

АЛМАТЫ

АСТАНА

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Келісім шарттары

Қүпия келісімдері

Қолдану ережелері

АККАУНТ

КІРУ

ЖАЗЫЛУ

“200.NEWS” ТОО “Бахытжан Копбаев Ақпарат агенттігінін” интернет-бысылымы. Тіркеу туралы куәлік №KZ77VPY00071781 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетімен 2024 жылғы 21 ақпанда берілген. Он сегіз жасқа толған пайданушыларға арналған портал. Материалдарды пайдалану шарттарына сәйкес қайта басып шығаруға рұқсат етіледі.

Біздің агенттігіңің телефон нөмері : +77778848811 , почтасы : info@200.news

Exit mobile version