Ағымдағы жылдың 5 мамырында сағат 12:00-де Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Ш.С.Рахматуллина арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының директорларымен жұмыс кеңесін өткізді.
Кездесу барысында мекемелердің қызметін ұйымдастырудың өзекті мәселелері, көрсетілетін қызметтердің сапасы, сондай-ақ олардың тиімділігін арттыру шаралары қаралды. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарының сақталуына және қызмет алушылар үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша орталықтардың қызметін одан әрі жетілдіруге және көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылауды күшейтуге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-social/press/news/details/1214625?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау