6–11 сынып оқушылары құқықбұзушылықтың алдын алу және оның жолын кесу мақсатында Қаратал аудандық полиция бөлімінде ұйымдастырылған «Ашық есік күні» іс-шарасына қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар полиция қызметкерлерінің жұмысымен танысып, құқықтық тәртіптің маңыздылығы туралы ақпарат алды. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқықбұзушылық түрлері мен олардың алдын алу жолдары түсіндірілді.
Кездесу барысында мамандар оқушыларға заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау және жауапкершілікті сезіну қажеттігі туралы кеңінен айтып өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.
Осындай шаралар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-balpyk/press/news/details/1214660?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау