Астанада халықаралық университет құру және авиациялық кадрларды даярлау мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Kent State University вице-президенті Мелоди Тэнкерсли бастаған делегациямен кездесті.

Kent State University – авиация саласы мен авиациялық мамандарды даярлау бағытында білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, инфрақұрылымы дамыған АҚШ-тың мемлекеттік университеті.

Университет өкілдерінің Қазақстанға сапарының негізгі мақсаты – халықаралық авиациялық университет құру мәселесін талқылау. Жоспар бойынша, жаңа оқу орны Қазақстанда бірлескен жоба ретінде іске асырылып, авиациялық мамандарды халықаралық стандарттарға сәйкес даярлайтын болады.

Сонымен қатар, Азаматтық авиация академиясымен ынтымақтастық дамып келеді. Оның аясында қос диплом бағдарламалары, академиялық мобильдік және бірлескен ғылыми жобалар қарастырылған.

Кездесу барысында Мелоди Тэнкерсли жаһандық әріптестік білім беру сапасын арттырудың негізгі факторларының бірі екенін атап өтті.

Тараптар кадрлар даярлау сапасын арттыру және халықаралық стандарттарды енгізу үшін  ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1214919?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version