Аудандық мәслихат төрағасының
ШЕШІМІ
Жымпиты ауылы № 7 5 мамыр 2026 жыл
Аудандық мәслихаттың кезекті ХLVІІ сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19 бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
Аудандық мәслихаттың кезекті ХLVІІ сессиясы 2026 жылдың мамыр айының 15 күні сағат 15.00-ге шақырылсын.
КҮН ТӘРТІБІ:
- Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының орындалуы туралы.
- «Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысы туралы.
- Мансап орталығының 2025 жылы атқарған жұмыстары және 2026 жылға жоспары туралы.
- 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы
- 5. 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы БҚО бойынша тексеру комиссиясының есебін бекіту туралы.
- Мемлекеттік мекемелердің жылыту маусымына дайындық жұмыстары.
- Басқа мәселелер.
Мәслихат төрағасы Ш.Дуйсенгалиева
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/syrym-maslihat/press/news/details/1214747?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау