ауыл шаруашылығы басқармасында қызметкерлерге арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасында қызметкерлерге арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Кездесу барысында қатысушыларға интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы жан-жақты мәлімет берілді. Атап айтқанда, СМС-кодтар мен құпиясөздерді, банк карталарының деректерін және биометриялық мәліметтерді алдап алу, сондай-ақ зиянды бағдарламаларды тарату тәсілдері түсіндірілді. Сонымен қатар, цифрлық сервистерді пайдалану кезінде сақтық шаралары мен жеке деректерді қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындар мен бәстерге қатысуына жол берілмейтіні түсіндіріліп, лудоманияның қауіптері талқыланды.

Бұдан бөлек, құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы міндеттерді уақытылы әрі сапалы орындау, сондай-ақ тұрақсыз психологиялық жағдай белгілері бар тұлғаларды анықтау бойынша әдістемелік ұсынымдар қарастырылды.

Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, ақпараттық қауіпсіздікті нығайтуға және қызметтік тәртіпті сақтауға жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-agro/press/news/details/1214077?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version