Азаматтық қорғау академиясының курсанттары іздестіру-құтқару жарыстарында шеберліктерін көрсетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Көкшетау қаласында Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының 3-курс курсанттары арасында іздестіру-құтқару жұмыстары бойынша жарыс өтті.

  Жарыстың мақсаты – курсанттардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда жедел және дұрыс әрекет ету қабілеттерін жетілдіру, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын нығайту.

  Қатысушылар зардап шеккендерді іздеу, құтқару және эвакуациялау, алғашқы көмек көрсету, авариялық-құтқару жабдықтарын тиімді пайдалану бойынша тапсырмаларды орындап, оқу-жаттығу кезеңдерінен өтті.

  Жарыс қорытындысы бойынша: №2 құтқару буыны – 1 орынды, №3 құтқару буыны – 2 орынды, №1 құтқару буыны – 3 орынды иеленді.

  Курсанттар жоғары кәсіби дайындық деңгейін көрсетіп, төтенше жағдайларда сенімді әрі үйлесімді әрекет ету қабілеттерін дәлелдеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1214135?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version