БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ПАРА ШАХМАТШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Биыл Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында пара шахматтан Азия чемпионаты өтті. Аталған жарыста елорда спортшылары тамаша өнер көрсетіп, Қазақстанның мерейін үстем етті.

Осы орайда Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Алексеевич Азия чемпионатында сәтті өнер көрсеткен Бақытжан Майкенов пен Айғаным Қамбарованы арнайы қабылдады.

Кездесу барысында Василий Левит спортшыларды жоғары нәтижелерімен құттықтап, олардың халықаралық аренадағы жетістігі еліміздегі параспорттың дамуына тың серпін беретінін атап өтті. Сондай-ақ ол алда Испанияда өтетін әлем чемпионатында спортшыларға сәттілік тілеп, олардың еңбегі әрдайым қолдау табатынын жеткізді.

Еске сала кетейік:
Аталған Азия чемпионатында Бақытжан Майкенов классикалық шахмат, рапид және блиц бойынша қарсыластарының барлығын артта қалдырып, үш бірдей алтын медаль иеленіп, Азияның үш дүркін чемпионы атанды. Ал Айғаным Қамбарова рапид және блиц бағдарламаларында күміс жүлдеге, классикалық шахматта қола медальға қол жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-sport/press/news/details/1214409?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version