Биыл жыл басынан бері қалаға 10 автобус жеткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараз қаласының 2023-2025 жылдарға арналған даму жоспарында жыл сайын 70 қоғамдық көлік алу көзделген болатын. Өз кезегінде бұл жұмыстар қоғамдық көліктердің тозу деңгейін төмендетуге және тұрғындар үшін сапалы әрі қолайлы тасымалды ұйымдастыруға бағытталды.

Жоспарға сәйкес, 2023 жылы – 73, 2024 жылы – 155, 2025 жылы 91 қоғамдық көлік алынды. Ағымдағы жылдың басынан бері шаһарға 10 автобус жеткізілді. Нәтижесінде қоғамдық көліктердің саны 330-дан 522 бірлік автобусқа дейін артты. Жолаушылар бағыттарына қосымша тағы 13 маршрут қосылып, қазіргі уақытта олардың саны 46-ға жетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1214234?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version