БҚО облыстық бюджеті. 2026 жылғы 1 мамырдағы қысқаша шолу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылға облыстық бюджеттің шығыстар/түсімдер бойынша жылдық көлемі 519,2 млрд. теңге (2025 жылға – 484,8 млрд.теңге сомасында бекітілді) немесе бюджеттің 7,1% өсуімен бекітілді.

   2026 жылға арналған кірістер бойынша облыстық бюджеттің жылдық көлемі 380,1 млрд. теңгеге  бекітілді, оның ішінде салықтық түсімдер бойынша – 90,9 млрд.теңге (2025 жылы салықтар – 117,2 млрд. теңге).

   2026 жылдың 1 мамырға облыстық бюджеттің шығыстары 130,6 млрд. теңгеге немесе жоспарға 98,1% игерілді.

   2026 жылы республикалық бюджет алдындағы борыштық міндеттемелерді өтеудің бекітілген көлемі – 8,9 млрд.теңге. 1 мамырға 5,6 млрд. теңге өтелді. 

   2026 жылдың 1 мамырына облыстық бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы 114,9 млрд. теңге немесе жоспарға 98,2% құрады.

   Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер түсімдерінің жылдық көлемі 185,9 млрд.теңгеден бекітілді (2025 жылға – 325,8 млрд. теңге), соның ішінде субвенциялар – 173,6 млрд. теңге, ағымдағы нысаналы трансферттері – 4,8 млрд. теңге, нысаналы даму трансферттері – 7,4 млрд. теңге. 1 мамырға 58,3 млрд. теңге түсті.

   2026 жылғы қаңтар-сәуірде облыстық бюджетке нақты салық түсімі 26,4 млрд. теңгені құрады (2025 ж. қаңтар-сәуір:47,3 млрд. теңге). 1 мамырға арналған аудан\қала бюджеттерінен облыстық бюджет кірісіне бюджеттік алып қоюлар 24,3 млрд. теңге сомасында түсті.

    Республикалық бюджеттен қарыздар түсімі 13,0 млрд. теңге сомасында бекітілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karzhy/press/news/details/1214848?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version