ІІМ заңсыз қару айналымына қарсы күресті күшейтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Ішкі істер министрлігі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын күшейтуді жалғастыруда, оның ішінде заңсыз айналымдағы қаруды тәркілеу жұмыстары да бар.

– Жыл басынан бері 900-ден астам қару тәркіленді, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 74 қару бар. Сондай-ақ айналымнан төрт мыңнан астам оқ-дәрі алынған. 27-29 сәуір аралығында елде “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының екінші кезеңі өткізілді. Үш күн ішінде 67 дана атыс қаруы және түрлі калибрдегі 200-ден астам оқ-дәрі тәркіленді. 27 сәуір күні Алматы қаласында полиция қызметкерлері Сайран көлінің жағасынан қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған қаруды анықтады. Ішкі істер министрлігі ескертеді: заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсыру қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатады. Азаматтарды заңсыз сақталған қаруды тапсырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлесін қосуға шақырамыз, – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1214085?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version