Интернационалист жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Сағандықов Отан қорғаушылар күні қарсаңында өткен интернационалист жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Іс-шараға сондай-ақ ауған соғысының ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, облыс және қала басшылығы қатысты.

Рәсімге қатысушылар интернационалдық борышын атқарған жауынгерлерге тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Бұл рәсім Отан алдындағы борышын өтеген батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмай, олардың рухына деген құрмет ұрпақтан ұрпаққа жалғасатынын тағы бір мәрте айқындады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1214524?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version