Бүгін Шымкент қаласында Түркістан, Жамбыл, Ұлытау және Қызылорда облыстарынан келген кинологиялық есептоптардың қатысуымен өтіп жатқан сертификаттау сынақтарының екінші кезеңі аяқталды.
Бүгін құтқарушы иттердің бұйрықтарға бағынуы мен ептілігін тексерілді.
Барлық кинологиялық есептоптар жоғары кәсіби деңгейлерін көрсетіп, өз біліктіліктерін растады.
Өткізілген сынақтар ТЖМ кинологиялық есептоптарының жоғары дайындық деңгейін және ең күрделі әрі қысылтаяң жағдайларда тапсырмаларды орындауға дайын екенін растады. Мұндай іс-шаралар құтқару операцияларының сапасын арттыруға және өңірлік деңгейде бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1214895?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау